Наразылықтың бесінші күні: Грузиядан тыныштық кетті

0
183

​Қазірге дейін ұсталған адамдардың саны белгісіз.


Наразылықтың бесінші күні: Грузиядан тыныштық кетті

Фото: BBC

ERNUR.KZ. Грузия үкіметінің Еуроодаққа қосылу туралы келіссөзді тоқтатып тастауына қарсы болғандар Тбилисидің орталығына тағы да жиналды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Полиция наразылыққа шыққандарды парламент ғимаратының жанынан қуған. Дегенмен халықтың көпшілігі орталықта тұр. Арнайы күштер водометтерден су атып, көз жасаурататын газ қолданса, қарсылық білдірушілер оларға петарда лақтырып жатыр.

Грузия ІІМ басшылығы полициямен қақтығысқа түскендерге арнайы құралдар қолданылатынын айтқан.

«Руставели даңғылында жалғасып жатқан митинг бейбіт шеру шеңберінен шығып кетті. Сондықтан ішкі істер министрлігі парламент ғимаратының айналасындағы аумақты тазарту үшін агрессивті, наразы топ мүшелеріне қатысты заңда көзделген арнайы шараларды қолданады», — деді ведомстводан.

Дүйсенбідегі митингтің алдында Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Грузияның Еуроодаққа қосылуға әлі де ұмтылатынын айтқан.

«Бәріңізді елімізде еуропалық интеграция кешікпей басталатынына сендіргім келеді», - деген болатын.