Нәресте шетінеп кетті: дәрігерлер оттегі орнына еліткіш газ қосқан

0
736

Тергеу барысында қондырғыны дұрыс жалғамау салдарынан аппаратқа оттегі емес, зиянды зат жіберілгені белгілі болды.


Нәресте шетінеп кетті: дәрігерлер оттегі орнына еліткіш газ қосқан

ERNUR.KZ. Австралияның Сидней қаласында дәрігерлер нәрестеге оттегі орнына еліткіш газ жіберген. Сәби тыныс алу маскасын кигізгеннен кейін шетінеп кетті, деп жазады sputnik.kz.

Нәресте кесар тілігін жасау арқылы дүниеге келген. Операция кезінде дәрігерлер баланың мойнына кіндік оралып қалғанын көрді. Сәби дұрыс тыныс ала алмағандықтан, реанимация бөліміне жатқызылды.

Тыныс алуды қалпына келтіру үшін дәрігерлер шақалаққа оттегі маскасын кигізген. Алайда ол көмектеспеді. Кішкентай пациентке жасанды тыныс алдырту шараларын жасап, адреналин салған. Бірақ бұл амалдар да еш нәтиже бермеді. Бір сағат өткеннен кейін сәби көз жұмды.

Тергеу барысында қондырғыны дұрыс жалғамау салдарынан аппаратқа оттегі емес, зиянды зат жіберілгені белгілі болды. Аппаратты қосуға жауапты мердігер еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша міндеттерді сақтамаған. Ол өз кінәсін мойындады. Жүз мың доллар (42 миллион теңгеден астам) көлемінде айыппұл салынды.

Біраз бұрын дәл осы ауруханада ұқсас оқиға болған. Қуанышқа орай жаңа туған қыз аман қалды. Бірақ оның миына зақым келді. Емдеуге келмейтіні айтылып отыр.