Нашақор жыртқыштар: Флоридада акулалар кокаинге құмартып алған

0
428

Зерттеуде түрлі балықтар химиялық затқа түрліше әрекет еткен.


Нашақор жыртқыштар: Флоридада акулалар кокаинге құмартып алған

ERNUR.KZ. Флорида жағалауындағы акулалар контрабандашылар мұхитқа тастайтын кокаинге құмартып алған, деп жазады ҚазАқпарат.

Жыл сайын көп көлемдегі есірткіні жағажайға су шайып, мұхиттан билік өкілдері шығарып алатынына байланысты теңіз биологы Том Хёрд жаңа «Кокаин акулалары» деп аталатын телесериал аясында Флориданың жағалаудағы суларына түсетін кокаинды акулалар жей ме деген сұраққа жауап іздеді. Бұл фильм келесі аптада Discovery арнасынан көрсетіледі.

Бағдарлама аясында Хёрд пен оның әріптесі, Флорида университетінің экологы Трейси Фантана Флорида-Кис аралдарында балықшылар айтып жүрген нашақор акулаларға бірқатар тәжірибе жасап көрді.

Хёрд пен Фантана су астына сүңгіп, кейбір акулалардың іс-әрекеті расында біртүрлі екенін байқады. Әдетте адамдардан қашатын балғабас акула оларға тап беріп, қиғаштап жүзетіндей көрінген. 60 фут тереңдікте олар құм акула тар жерді айналып жүзіп жүргенін және ештеңе жоқ жерге мұқият қарап тұрғанын байқаған.

Кейінірек олар кокаин салынған қапқа ұқсайтын пакеттерді суға тастап, акулалардың қалай әрекет ететінін тексерді.

Тәжірибе барысында олар жалған қаптарды аққудың муляжының жанына қойып, акулалар оған тіке бара жатқанын және тістегенін көріп таңғалды. Бір акула, тіпті жасанды қапты тістеп жүзіп кетті.

Хёрд пен Фантана сынақты әрі қарай жалғастырды – олар акулаларда дофамин бөліну үшін жоғары концентрациялы балық ұнтағынан кокаин шарын жасады. Бағдарламада шарикті көрген кезде акулалар есінен адасып қалатыны көрсетілген.

Соңғы тәжірибесінде олар ұшақтан кокаин қабын тастағандай болып, есірткі акуланың экожүйесіне қалай түсетінін анықтауға тырысты. Ғалымдар акуланың кейбір түрлері жалған есірткіні «аулап» жүргенін байқаған.

Хёрд тәжірибелері әзірге Флорида жағалауында кокаин тұтынатын нашақор акулалар пайда болды дегенді дәлелдемейтінін айтты. Оның пікірінше, көбірек тәжірибе жасау керек. Ол акулалардың кокаинге осылайша ұмтылатынына көптеген басқа себеп болуы мүмкін дейді.

«Біз кокаин акулаға не істей алуы мүмкін екенін білмейміз», - деп түсіндірді Херд. Сондай-ақ ол зерттеуде түрлі балықтар химиялық затқа түрліше әрекет ететіні көрініп тұрғанын атап өтті.