Франциядағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан Ғалиев форумның қатысушыларына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырған «Өзгешелік пен мәдени мұраның өркендеуі: Түркі тілінің өткенінен болашағына» халықаралық форумы өз жұмысын бастады. Франциядағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан Ғалиев форумның қатысушыларына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Сіздерді ЮНЕСКО қамқорлығымен өткізіліп жатқан тағы бір халықаралық форумның ашылуымен құттықтауға рұқсат етіңіздер», - делінген құттықттау сөзде. «Түрлі елдердің ғалымдары мен сарапшылары, тарихшылары мен тіл мамандары қатысып отырған Еуропаның төрінде, Парижде өтіп жатқан жоғары деңгейдегі кездесудің айрықша мәні бар», - делінген Елбасының үндеуінде.
«Әлемдік өркениетке баға жетпес үлес қоса отырып, түркі халықтарының бесігі болған Қазақстан «Мәдени мұра» және «Тарих ағынындағы халық» сияқты маңызды жобаларды іске асырды», - деп атап өтті Қазақстан басшысы өзінің үндеуінде.
«Біз былтыр батырлыққа толы өткенімізді қазіргі шығармашылықпен байланысты қалпына келтіру мақсатында халықтың санасы үшін маңызды болып саналатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыра бастадық», - деп келтірді Ж.Ғалиев ҚР Президентінің сөзін.
«Осы бағдарламаларды жүзеге асырудың нәтижесінде адамзат болашағының бір бөлігі болып табылатын біздің тарихи және мәдени мұрамыз олардың ғылыми таралым саласын кеңейтті. Біздің даңқты ата-бабаларымыздан мұраға қалған мәдени құндылықтар халқымызды өздерінің ұлы өткеніндегі сабақтармен байланыстыруда және жарқын болашаққа жол ашуда», - делінген Н.Назарбаевтың құттықтау хатында.
«Біздің бастамамызбен Астанада құрылған Халықаралық түркі академиясы осы бағытта жемісті жұмыстар атқарып жатыр. Бүгінгі форумда Еуразияның бауырлас халықтарының ортақ мұрасы кеңінен насихатталып, мәдениетаралық және халықаралық диалог жаңа серпін алады деп ойлаймын», - деп түйінделген ҚР Президентінің үндеуінде.