Некеге тұрмай, жыныстық қатынасқа түскен жұпқа 100 рет дүре соғылды

0
146

Индонезияда ислам қылмыстық құқығы қолданылатын жалғыз аймақ – Ачех провинциясы екен.


Некеге тұрмай, жыныстық қатынасқа түскен жұпқа 100 рет дүре соғылды

Фото: DailyMail

ERNUR.KZ. Индонезияда ер адам мен әйел некеге тұрмай жыныстық қатынасқа түскені үшін көпшілік алдында қамшымен сабалды, деп жазады stan.kz.

Индонезияда ислам қылмыстық құқығы қолданылатын жалғыз аймақ – Ачех провинциясы екен. Онда шариғат заңы қолданылады. Жұп сол шариғат заңына қайшы жыныстық қатынас үшін жазаланды.

Көпшілік алдында жазалау 7 сәуірде Ачех провинциясындағы қалалық саябақта өтті. Оларға ротанг таяқшасымен 100 рет дүре соғылды.

Сол күні барлығы алты адам жазаланды. Қалған қылмыскерлерге өзге жыныстағы өкілмен физикалық байланыс немесе алкогольді ішімдік ішу сияқты қылмыстар үшін 8-ден 29-ға дейін дүре соқты. 27 дүре соғылған әйелдердің бірі есінен танып, медициналық көмекке мұқтаж болды.