Непал үкіметін алғаш рет әйел басқарады

0
101


Непал үкіметін алғаш рет әйел басқарады

Фото: Sujan Gurung/AP Photo/picture
ERNUR.KZ. Непал үкіметін алғаш рет әйел адам басқармақ. Жоғарғы соттың бұрынғы төрайымы, 73 жастағы Сушила Карки арнайы рәсімде уақытша премьер-министр ретінде ант берді, деп жазады Stan.kz.


Салтанатты шара Шитал Ниваста өтті. Сондай-ақ президент Рам Чандра Падел Жоғарғы сот төрағасын, жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерді, қауіпсіздік органдарының басшыларын және дипломатиялық қауымдастық өкілдерін ант бергізді.

Президент Конституцияны сақтау және ұлттық бірлікті нығайту жөніндегі өз өкілеттігін пайдаланып, Каркиді тағайындады. Премьер-министрдің ұсынысы бойынша ол уақытша үкіметке алты ай ішінде жаңа парламенттік сайлау өткізуді тапсырды.

Каркидің тағайындалуы Z буынының қатысуымен өткен жаппай наразылықтардан кейін жүзеге асты. Олар өкілдер палатасын таратып, партиясыз үкімет құруды талап еткен еді. Үш министрден тұратын уақытша кабинет құру ұсынылғанымен, кандидатуралар бойынша келісімге келінбегендіктен, барлық бағытты уақытша премьердің өзі қадағалайды.

Қыркүйекте Непал билігі Facebook, X және YouTube-ке қолжетімділікті шектегеннен кейін елде толқулар басталған. 8 қыркүйекте полиция наразылықты күшпен таратқанда алғашында 14 адамның қаза тапқаны және ондаған адамның жараланғаны хабарланды. 9 қыркүйекте әлеуметтік желілерге тыйым алынып тасталды.

Билік қаза тапқандардың отбасына өтемақы төлеп, зардап шеккендерге тегін емделу уәде етті. Сол уақытқа қарай ресми деректерде 19 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланғаны айтылды. Дәл осы күні премьер-министр Кхадга Прасад Шарма Оли тәртіпсіздіктер аясында отставкаға кеткен еді.