Бұл – құрлықтағы рекордтық көрсеткіш.
ERNUR.KZ. Оңтүстік Африка Республикасында вирустың таралу қарқыны үдеп, вирус жұқтырғандар саны 300 мыңнан асып кетті, деп хабарлайды Хабар24.
Бұл – құрлықтағы рекордтық көрсеткіш. Індеттің өршуіне тосқауыл қою үшін ел билігі шектеу шараларын күшейтіп, коменданттық сағат жариялады. Тұрғындарға себепсіз үйден шығуға болмайды. Тек дәріхана мен дүкенге баруға рұқсат берілген. Маскасыз жүруге де тыйым салынып отыр.
Ресми мәліметке сай, елде құрбандар саны 4 мыңнан асып жығылады. Алайда Медициналық ғылыми-зерттеу кеңесінің дерегінше, тек соңғы екі айда 11 мың адам көз жұмған. Қазір ауруханалар лық толы болғандықтан, дәрігерлер науқастарды қабылдамай, үйлеріне қайтарып жатыр.
– Өте қиын. Біреудің анасын, әжесін, енді біреудің әкесін, ағасын қабылдай алмай, үйіне қайтарып жатамыз. Бұл дәрігерлер үшін ауыр. Қазір науқастардың 25 процентін ғана қабылдауға мәжбүрміз, - дейді дәрігер Тобиса Фодо.