Үйірмені жергілікті тұрғын Пе До Хон ашқан.
ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяда тоғызқұмалақтан алғашқы үйірме ашылды. Қазақ ұлттық ойынының негіздері Сеулдың маңындағы Коян қаласында оқытылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Үйірмені жергілікті тұрғын Пе До Хон ашқан. Ол көптеген жылдар бойы әртүрлі ұлттық ойынды зерттейді. Ізденіс үстінде жүрген ол, кейін ғаламтордан тоғызқұмалақ туралы ақпаратты көріп, қызығушылығы артыпты. Сосын ойынға арналған тақтаны сатып алды. Енді ережелерін жерлестеріне үйретпекші. Тәлімгер Оңтүстік Кореяда тоғызқұмалақ турнирін ұйымдастыруды армандайды. Ол үшін оған құрал-жабдықтар қажет. Дегенмен, Қазақстан тарапы Пе мырзаға қолдау көрсетпекші.
- Корея тоғызқұмалақты енді танып жатыр. Манкала мен Варе соған ұқсас ойындардан шағын жарыстар өткізіледі. Мен Сеулде Қазақстанның тоғызқұмалақ федерациясының басшыларымен кездесіп, ақпарат алмасуға, өзара байланысты нығайтуға және Кореяда тоғызқұмалақты насихаттауды қолға алуға уағдаластық, - дейді тоғызқұмалақ ойынының мұғалімі Пе До Хон.