Оңтүстік Кореяда толассыз жауған жаңбырдан көшелерді су басты

0
111

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар.


Оңтүстік Кореяда толассыз жауған жаңбырдан көшелерді су басты

Фото: Кактус медиа

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяның орталық және оңтүстік аймақтарында үш күн қатарынан нөсер жауын тоқтамай тұр. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 1 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп жазады inbusiness.kz.

Yonhap агенттігінің жазуынша, тағы 5 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Су тасқыны салдарынан 500-ге жуық мемлекеттік және 300-дей жеке меншік нысан бүлінді.

Селден 80 шақырым және 30 шақырым жердегі Чхунчхон, Кенгидо провинцияларына нөсер жауын жауды. Кейбір аудандарда тәулік ішінде рекортық мөлшерде жауын-шашын түскен.

Ондаған қала мен елдің оңтүстігіндегі Чолла-Намдо провинциясын су басты. Сосан қаласында соңғы 50 жылда болмаған жауын-шашын тіркелді. Нөсер жаңбыр соңы көшкінге ұласып, жолдар су астында қалды. Кейбір аймақтарда пойыздардың қозғалысы ішінара тоқтатылды.

Корея метеорологиялық басқармасының болжамына сәйкес, елдің оңтүстігіндегі бірнеше қалада алдағы уақытта жауын-шашын тағы жаууы мүмкін.