Өзбекстан ауған шекарасындағы жағдай тұрақтанғанын хабарлады

0
504

Бұған дейін 84 ауған әскерилері Өзбекстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өткені туралы хабарланған болатын.


Өзбекстан ауған шекарасындағы жағдай тұрақтанғанын хабарлады

ERNUR.KZ. 15 тамыз таңертеңгілік жағдай бойынша өзбек-ауған шекарасындағы жағдай тұрақталды, деп жазады ҚазАқпарат.

«2021 жылдың 15 тамызы сағат 10:00-дегі жағдай бойынша «Термез-Хайратон» көпіріндегі жағдай бірқалыпты. Атап айтқанда, көпірдің ауған бөлігінде жиналған Ауғанстан азаматтарының басым бөлігі көпірден кетті. Бұл белсенді жүргізілген саяси-дипломатикалық шаралардың, түсіндіру жұмыстарының нәтижесі», - деп хабарлады Өзбекстан СІМ.

Еске салайық, кеше Ауғанстан Қарулы күштерінің 84 әскери қызметшісі мемлекеттік шекараны кесіп өтіп, ұсталған еді. Шекара бұзушылар қарсылық танытпаған, жарақат алған үш адамға медициналық көмек көрсетуді сұраған.

Еске салсақ, бұған дейін 84 ауған әскерилері Өзбекстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өткені туралы хабарлаған болатынбыз.