Өзбекстан телеарналарына Президенттің атын атауға тыйым салынды

0
2 071

Ендігі эфирден таралатын барлық бағдарламада Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтің есімі аталмауы тиіс.


Өзбекстан телеарналарына Президенттің атын атауға тыйым салынды

Фото: Ferghana.Ru

Өзбекстанда телеарналарға тұңғыш президент Ислам Кәрімовтің есімін атамау жөнінде бұйрық берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық сайты fergananews.com сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы жергілікті арналардың бірінде жұмыс істейтін журналист хабарлаған екен.

Жүргізушінің сөзіне сенсек, Аталған бұйрық ұлттық телерадиокомпания құрамындағы барлық телеарналарға қатысты. Ендігі эфирден таралатын барлық бағдарламада Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтің есімі аталмауы тиіс. Әрі мұндай бұйрықты президенттің мемлекеттік кеңесшісі Хайриддин Сұлтанов беріпті.

«Кәрімовтің есімі эфирде аталса, бастарыңмен жауап бересіңдер», - деп мәлімдеген Сұлтанов.

Бұл мәлімдеменің шын екендігін өзбекстандық телеарналардың бір бас редакторы да растаған. Айтуынша, жыл басынан бері Ислам Кәрімов жайлы азырақ айтып, Шавкат Мирзиеев жайлы көбірек айтуға кеңес берілген. Тіпті эфирде Ислам Кәрімовтің суреттері мен ескерткіштерін көрсетуге де болмайды.