Жаңа премьер-министрдің кандидатурасы 21 қаңтарда өтетін парламенттің қос палатасының біріккен отырысында қаралады.
ERNUR.KZ. Өзбекстан үкіметі Олий Мажлистің (Парламенттің төменгі палатасы) жаңа құрамының алдында өз өкілеттігін тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz.
Министрлер кабинеті өкілдерінің өкілеттігі Өзбекстан Республикасы Конституциясының 98-бабына сәйкес тоқтатылғаны хабарланды. Бұл құрам жаңа құрам тағайындалғанға дейін жұмысын жалғастыратын болады.
Белгілі болғандай, жаңа премьер-министрдің кандидатурасы 21 қаңтарда өтетін парламенттің қос палатасының біріккен отырысында қаралады.