Өзбекстанда оба індетіне қарсы дайындық шаралары күшейтілді

0
160

Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық және қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нурмат Атабеков хабарлады.


Өзбекстанда оба індетіне қарсы дайындық шаралары күшейтілді

Фото: ЖИ көмегімен жасалды

ERNUR.KZ. Оның сөзінше, Өзбекстандағы обаға қатысты жағдай бақылауда, деп жазады inbusiness.kz.

Ташкентте жұқпалы аурулар ауруханаларының бірінде обаны анықтауға арналған зертхана қатаң режимде дайындалып жатыр. Медициналық мекемеде науқастарды орналастыру үшін төсек-орындар әзірленген.

Сондай-ақ, Өзбекстанның халықаралық әуежайларында, теміржол вокзалдары мен мемлекеттік шекарадан өтетін автожолдарында 53 санитариялық-бақылау пункті жұмыс істейді.

Қауіпті инфекцияларды анықтайтын зертханалар қажетті диагностикалық құралдармен қамтамасыз етілді.

"Еліміздегі обаға қатысты жағдай тұрақты және алаңдауға еш негіз жоқ", – деді Атабеков.

Оба – бактериялар қоздыратын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бұл аурудың табиғи ошақтары әлемнің белгілі бір аймақтарында кездеседі.