Өзбекстанда сауда үйінде болған жарылыстан 65 үй зиян шеккен

0
506

Жарылыстан алты үйдің қабырғасы жарылып, тұруға мүмкін болмай қалған.


 Өзбекстанда сауда үйінде болған жарылыстан 65 үй зиян шеккен

ERNUR.KZ. Денау қаласындағы Indenim сауда үйінде болған жарылыстан 65 үй зардап шекті. Бұл туралы Сурхандария облысының басшысы Тура Боболов хабарлады, деп жазады centralasian.org.

Әкімнің айтуынша, жарылыстан алты үйдің қабырғасы жарылып, тұруға мүмкін болмай қалған. Боболов зардап шеккен үй иелеріне көмектесетінін жеткізді.

Алдын ала мәліметтер бойынша жарылыс ғимаратта газ приборлары ұзақ уақыт істеп, қызып кеткеннен болуы мүмкін.

Осыған дейін Indenim сауда орталығында жарылыс 7 желтоқсанға қараған түні болғаны хабарланған. Ресми мәлімет бойынша, екі адам қаза болып, тоғызы жараланған.