Өзбекстанда сауда үйлерінің бірінде жарылыс болды

0
979

Жарылыс нәтижесінде 9 адам зардап шекті.


Өзбекстанда сауда үйлерінің бірінде жарылыс болды

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Сурхандария облысында сауда үйлерінің бірінде жарылыс болды. Өрттен 9 адам зардап шегіп, бір адам қаза тапты, деп жазады Stan.kz.

"Төтенше жағдай 7 желтоқсан 03:57-де болды. Денау қаласы орталығындағы сауда үйінің қабырғалары қираған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жарылыстан басталған өртті сөндірді", - деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрілігінің баспасөз қызметіндегілер.

"Инденим" сауда үйіне бірінші вице-премьер Ачилбой Раматов бастаған мемлекеттік комиссия да келген. Қазір тергеу жүріп жатыр.

"Жарылыс нәтижесінде 9 адам зардап шекті. Олар қалалық ауруханаға жеткізілді", - деді министрліктегілер.

Кейін жарылыс кезінде бір адамның қаза болғаны мәлім болды. Оның мәйіті қирандылар астынан табылған. Алдын ала дерек бойынша төтенше жағдайға газ-ауа қоспасының жарылуы себеп болған.