Заң бойынша, артықша сән-салтанатпен ерекшеленуге, ысырапкершілікке жол беруге болмайды.
ERNUR.KZ. Ысырап пен қарызға батқандар қатарын азайту мақсатында Өзбекстанның заң шығарушы органы той-жиындар мен басқа да шараларды өткізуге байланысты арнайы заң қабылдады, деп жазады inbusiness.kz.
Онда, қабылданған заңға сәйкес отбасылық шараларды өткізуді реттеуде әлеуметтік, әділеттілік пен заңдылық, ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарды ұстана отырып, басқа діндер мен ұлттардың дәстүрлерін құрметтеу және қоғамдық пікірлерді ескере, аталған заң аясында бірқатар талап қойылған.
Мысалы, жанұялық шаралар тек бір күн (қазаға байланысты жағдайдан сырт) сағат 06:00 ден 23:00 аралығында өткізілуі керек. Ондағы шараларда 200-ге жуық немесе атаулы шараларға байланысты ас беру рәсімінде 250-ге жуық қонақ шақыруға рұқсат етіледі.
Ауылды мекендердегі той-жиындарға 250 қонақ шақыруға болады.
Той-жиын өткізуді жоспарлағандар кемінде бір апта бұрын тұрғылықты жері бойынша жергілікті өзін-өзі басқару органдарына хабарлау қажет.
Той жиындары мен отбасылық шараларды өткізу бойынша арнайы қабылданған бұл заң 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енетін болады.