Өзбекстанда жоғары оқу орындарында сырттай оқуға қабылдау тоқтатылды

0
272

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Жарлығына сәйкес, сырттай оқудың орнына баламалы білім беру формалары дамытылатын болады.


Өзбекстанда жоғары оқу орындарында сырттай оқуға қабылдау тоқтатылды

Фото: pexels
ERNUR.KZ. Өзбекстанда 2025 жылдан бастап жоғары оқу орындарына сырттай оқу формасына қабылдау ресми түрде тоқтатылады, деп жазады BAQ.KZ.

Қазір сырттай оқып жүрген студенттер оқуын бұрынғы тәртіппен жалғастыра береді.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Жарлығына сәйкес, сырттай оқудың орнына баламалы білім беру формалары дамытылатын болады. Алайда, мұндай оқу түрлеріне қабылдау күндізгі бөлімге қабылданатын студенттер санынан 50%-дан аспауға тиіс. Бұл шектен асу өрескел заңбұзушылық ретінде қарастырылады және оқу орнының лицензиясынан айырылуына себеп болуы мүмкін.

Сонымен қатар, елдегі барлық жоғары оқу орындарында — меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан — білім беру сапасын бақылау жөніндегі арнайы бөлімшелер құрылады.