Өзбекстанда жүкті әйелдерді жұмыстан шығаруға тыйым салынды

0
318

Кодекстің жаңа редакциясына сай, енді жұмыс берушілер жүктілікке және бала тууға байланысты әйелдерді жұмыстан шығара алмайды.


Өзбекстанда жүкті әйелдерді жұмыстан шығаруға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Еңбек кодексіне бірқатар өзгеріс енгізілді, деп жазады kaz.inform.kz.


Кодекстің жаңа редакциясына сай, енді жұмыс берушілер жүктілікке және бала тууға байланысты әйелдерді жұмыстан шығара алмайды.

Айта кетейік, құжаттың бұған дейінгі нұсқасында осыған ұқсас жағдайларға қатысты тек шектеулер болатын. Яғни, жұмыс берушіге жүкті әйелдерді мүмкіндігінше қызметтен босатпау және оларды басқа жұмысқа ауыстырмау ұсынылатын.

Сонымен қатар енді өзбекстандықтарға еңбек шартын электрондық форматта рәсімдеу мүмкіндігі беріледі. Ол үшін «Бірыңғай ұлттық еңбек жүйесінің» платформасы қолданылады.