Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
Фото: ТЖМ
ERNUR.KZ. Алматы қаласының Түрксіб ауданында екі қабатты кафе ғимараты өртеніп, құтқарушылар жарылыс қаупінің алдын алды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері дабыл сигналы түскен бойда оқиға орнына жедел жетті.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткенде кафенің шатыры ашық жалынмен жанып жатқан. Барлау барысында өрттің қосалқы бөлме мен ғимарат шатырына таралғаны анықталды. Жалынның көршілес нысанға өту қаупі жоғары болғанымен, құтқарушылар оны тоқтатты. Сонымен қатар өрт сөндірушілер жану аймағынан әртүрлі көлемдегі алты оттегі баллонын қауіпсіз жерге шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды.
Өрт толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.


