Мухсин Хендрикс 1996 жылы өзінің гомосексуал екенін ашық жариялап, әлемдегі алғашқы ашық гей имам ретінде танылды.
Rodger Bosch/AFP/Getty Images
ERNUR.KZ. Оңтүстік Африкада өзін әлемдегі алғашқы ашық гей имам ретінде таныстырған Мухсин Хендрикс оққа ұшты, деп жазады Azattyq Rýhy.
Мухсин Хендрикс пен оның жүргізушісі көлігімен келе жатқанда, тағы бір көлік олардың жолын бөгеп, қашып кетуге мүмкіндік бермеді. Полицияның мәліметінше, бетперде киген екі күдікті көліктен шығып, автокөлікке оқ жаудырған.
ILGA (Халықаралық ЛГБТ қауымдастығы) атқарушы директоры Джулия Эрт бұл оқиғаны «өшпенділік негізінде жасалған қылмыс» ретінде қарастырып, тергеу жүргізуді талап етті.
«Ол Оңтүстік Африкада және әлем бойынша көптеген адамға сенімін табуға көмектесті, көптеген жанға ұстаз болды», — деді ол.
Мухсин Хендрикс 1996 жылы өзінің гомосексуал екенін ашық жариялап, әлемдегі алғашқы ашық гей имам ретінде танылды. Ол Оңтүстік Африкада ЛГБТ-мұсылмандарға қолдау көрсететін Inner Circle ұйымын құрды және ЛГБТ қауымдастығы үшін ашылған мешітті басқарды.