Пәкістанда 15 полицей қаза тапты

0
160

Бұл туралы "Анадолы" агенттігі жазды.


Пәкістанда 15 полицей қаза тапты

Фото: aa.tr

ERNUR.KZ. Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында жанкешті ұйымдастырған шабуыл салдарынан 15 полицей қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz.

Dawn газетінің мәліметінше, жарылыс Банну округіндегі Фатех Кхел полиция бекетінде болған. Жанкешті жарылғыш зат тиелген көлікті блокбекет маңында іске қосқан. Тағы үш адам жараланды.

Шабуыл кезінде бекет аумағында 18 қауіпсіздік қызметкері болған. Жарылыстан кейін қарулы топ бірнеше бағыттан қуатты қарудан полиция бекетіне оқ жаудырған. Бұл аймақтар Ауғанстанмен шектеседі.

Пуштундар мен белудждардың құқығын қорғаймыз деп мәлімдейтін қарулы топтар Пәкістанның қауіпсіздік күштері мен бейбіт тұрғындарға шабуыл жасап келеді. Исламабад пәкістандық талибтер Техрик-е Талибан Пәкістан қозғалысының мүшелері Ауғанстан аумағында орналасқан деп есептейді.

Алайда Ауғанстан билігі бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр.