Пәкістанда наразылық шеруі кезінде 8 адам қаза тапты

0
537

Бұрынғы премьер-министр қамауға алынғаннан кейін елде жаппай наразылық шеруі басталды.


Пәкістанда наразылық шеруі кезінде 8 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Пәкістанда елдің бұрынғы премьер-министрі, оппозициялық «Техрик-е-Инсаф» партиясының жетекшісі Имран Ханның тұтқындалуына байланысты басталған наразылықтар кезінде кем дегенде 8 адам қаза тапқан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Dawn телеарнасының хабарлауынша, сондай-ақ 290-нан астам адам жараланған.

«Ел бойынша құқық қорғау органдарымен қақтығыс кезінде кем дегенде сегіз адам қаза тауып, 290-ға жуық адам жарақат алды, 1900-ден астам шеруші ұсталды», - деп хабарлады телеарна.

Еске салайық, Пәкістан қалаларында наразылық шеруі сейсенбі күні кешке бұрынғы премьер-министр, оппозициялық «Техрик-е-Инсаф» партиясының жетекшісі Имран Хан ұсталған соң басталды. Ханды сейсенбіде Ұлттық есеп беру бюросы (экономикалық барлау) әл-Қадир ісі бойынша ұстады.

Тергеушілердің айтуынша, ол әйелімен және партия жетекшілерімен бірге «Әл-Қадир университетін» құрып, өз әрекеті арқылы мемлекетке 50 млрд рупий зиян келтірген. Сәрсенбі күні Исламабад соты Ханды сегіз тәулікке қамауға алды.

Ханнан басқа, Пәкістан полициясы «Техрик-е-Инсафтың» вице-премьерлері Фавад Чаудри мен Шах Махмуд Курешиді, сондай-ақ партияның бас хатшысы Асад Умарды да ұстады.

Хан қамауға алынғаннан кейін көп ұзамай оның партиясы бүкіл ел бойынша жаппай митингілерге шақырды. Бұған жауап ретінде Пәкістан билігі армия бөлімдерін Пенджаб пен Хайбер-Пахтунхва провинцияларына, сондай-ақ ең үлкен шерулер өтіп жатқан Пәкістан астанасына жіберуге бұйрық берді.