Барлығы 442 тұрғын үй зардап шекті.
ERNUR.KZ. Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында 25 наурыздан бері жауған нөсер жаңбыр салдарынан кемінде 45 адам қаза тауып, 105 адам түрлі дәрежеде жарақат алды, деп жазады baq.kz.
Провинциялық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, өңір тұрғындарының қаза табуы мен жарақат алуына негізінен күшті су ағынынан шайылған ғимараттардың құлауы себеп болған.
Жалпы саны 442 тұрғын үй зардап шеккен, оның ішінде 60 үй табиғи апат салдарынан толықтай қираған.
Ведомство өкілдері 6-9 сәуір аралығында тағы да қатты жауын-шашын болатынын ескертіп отыр. Осыған байланысты халыққа аса қажеттілік болмаса, табиғи апат қаупі жоғары аймақтарға бармау қатаң түрде ұсынылды.


