Пандемия кезінде интернет-педофилдер белсенді бола бастады - Еуропол

0
2 004

Қылмыскерлер локдаун кезінде Желіде көп отырған балалармен байланысқа түсуге тырысады.


Пандемия кезінде интернет-педофилдер белсенді бола бастады - Еуропол

ERNUR.KZ. Коронавирус пандемиясы кезінде интернет-педофилдер саны көбейді. Бұл туралы Еуропалық полиция агенттігінің басшысы (Еуропол) Катрин де Болл айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Катрин де Боллдың сөзінше, пандемия басталғалы бүгінде қаскөйлер педофилиямен байланысты материалдарды бұрынға қарағанда белсенді іздейтін болған.

"Қылмыскерлер локдаун кезінде Желіде көп отырған балалармен байланысқа түсуге тырысады", - дейді Болл.