Былтыр сауда көлемі 21%-ке артқан.
ERNUR.KZ. Пандемия кезінде бүкіл әлем бойынша көптеген компания шығынға белшеден батқаны белгілі, деп жазады 24.kz.
Бірақ індет уақытында табысы көбейіп, байи түскен кәсіпорындар да жоқ емес. Соның бірі – Лего ойыншықтарын шығаратын компания. Жыл қорытындысын жариялаған ол 1миллиард 600 миллион доллар таза табыс тапқан.
Өйткені былтыр сауда көлемі 21%-ке артқан. Компания өкілдерінің айтуынша, мұны ковидпен немесе шектеу шараларымен байланыстыруға болмайды.
«Бұл ең алдымен көп жылдар бұрын онлайн-саудаға жасалған стратегиялық инвестициялардың жемісі», - дейді олар. Себебі, карантиндік шектеулер кезінде ресми сайтқа кірушілер саны екі есеге артыпты.