Парижде ұшатын такси іске қосылады

0
1 038

2024 жылы жазғы Олимпиада ойындарының қарсаңында Парижде ұшатын пилотсыз такси қызметі іске қосылады.


Парижде ұшатын такси іске қосылады
ERNUR.KZ. Бұл туралы Airbus компаниясының өкілдері Ле-Буржеде өткен 53-інші Халықаралық ғарыш конференциясында айтты. Phys.org порталының хабарлауынша, ұшатын такси қызметі жолаушыларды Шарль-де-Голль әуежайынан қала орталығына қарай тасымалдайтын болады. Жобаны Германия мен АҚШ-та екі топ әзірлеп жатыр, деп жазады ktk.kz.

Конференцияда мамандар америкалық компания көлігінің моделін таныстырды. «Vahana» деп аталатын ұшатын аппарат электр тогымен қозғалады және пилоттан басқа бір жолаушыға арналған. Көлік атауын ғалымдар үнді мифологиясынан алған. Компания өкілдерінің айтуынша, осы күнге дейін ұшатын такси 80 рет сынақтан өткізілген. Такси жылдамдығы сағатына 160 шақырымды құрайды.

«Airbus басшылығы 2024 жазғы олимпиадада «француз ноу-хауы» барша әлемге таныстырылатынын айтты. Airbus компаниясының бас директоры Гийом Форидің айтуынша, Олимпиадаға дейін барлық талаптарға сай екі жоба бір көлікке кіріктіріледі», - деп жазады портал.

Ал Шарль-де-Голль әуежайының өкілдеріне сенсек, жоспар бойынша аэротакси әр алты минут сайын ұшып отырады. 2019 жылдың соңына дейін әуежай аэротакси қызметіне арнайы жер бөледі. Оны дайындау үшін 10 миллион еуро жұмсалмақ.

«Францияның көлік министрі Элизабет Борнның айтуынша, әуе такси қала инфрақұрылымына толық еніп кетуі үшін әлі де көп жұмыс атқарылуы керек», - деп жазады автор.