Pfizer басшысы пандемияның жаңа толқыны басталғанын айтты

0
805

Ол адамдардың бәрі вакцинаның төртінші дозасын әлі салдырған жоқ деп отыр.


Pfizer басшысы пандемияның жаңа толқыны басталғанын айтты

ERNUR.KZ. Әлемде COVID-19 індетінің жаңа толқыны басталғаны туралы айтылып жатыр. Бірақ әзірге адамдар дәрігерлерге қолжетімді дәрілердің арқасында әдеттегі өмір салтын қауіпсіз ұстана алады.Мұндай пікірді Pfizer компаниясының басшысы Альберт Бурла Израильдің The Jerusalem Post газетіне берген сұхбатында айтқан, деп жазады Экспресс К.

Тілші оған індетке қарсы вакцинаның бесінші дозасын қазір алуға кеңес бере аласыз ба деген сұрақ қойды. Бурла пандемияның жаңа толқыны басталғанын растап, бірақ әр елдің вакцинацияға қатысты өз ұстанымдары бар екенін атап өтті.

Мен әр елдің билігінің ұстанымдарына қатысты үнемі мұқият болдым. Өйткені әр елдің өзіндік ерекшеліктері бар. Мұндай жағдайда жауап беретін өкілдері болады. Әсіресе, Израильде жоғары білікті мамандар не істеу керектігін жақсы біледі”,— дейді Бурла.
Ол адамдардың бәрі вакцинаның төртінші дозасын әлі салдырған жоқ деп отыр. Израильде омикрон штаммын бақылау әлдеқайда қиын деп санайды. Індеттен шығудың жалғыз жолы — вакцина деп санайды.