Елде коронавирустың салдарынан ауруханаға түскендердің саны соңғы жеті күнде 16% -ға артқан.
ERNUR.KZ. Польшада соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар саны 23% -ға өсті. Ел билігі індеттің үшінші толқынының басталғаны туралы айтуда, деп жазады ҚазАқпарат.
Ондағы мәліметтерге қарағанда, сенбі күні Польшаның Денсаулық сақтау министрлігі бір тәулікте 14 800 Covid-19 вирусын жұқтыру жағдайы және 245 өлім тіркелгенін хабарлады.
Сонымен қатар, елде коронавирустың салдарынан ауруханаға түскендердің саны соңғы жеті күнде 16% -ға артқан.