Саусақ тиесілі адамның жеке басы анықталған.
ERNUR.KZ. Франция президенті Эммануэль Макронның резиденциясы Елисей сарайына адамның кесілген саусағы салынған хат келген, деп жазады stan.kz.
Басылымның хабарлауынша, Елисей сарайына 10 шілдеге қараған түні пошта арқылы адамның кесілген саусағы салынған хат келіп түскен. Ол артынша тоңазытқышқа қойылған. Саусақ тиесілі адамның жеке басы анықталған.
Ал Елисей сарайы бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме беруден бас тартқан.
Қазіргі таңда, Макронның өзі НАТО саммиті өтіп жатқан Вильнюсте.