Шетелдік азамат Астана әуежайындағы “қалжыңы“ үшін рейстен шығарылды

0
111

Ұшу алдындағы рәсімдер кезінде жолаушы жарылғыш құрылғы бар деп әзілдеген.


Шетелдік азамат Астана әуежайындағы “қалжыңы“ үшін рейстен шығарылды

Фото: Tengrinews.kz

ERNUR.KZ. Астана әуежайында шетелдік азамат өзінде бомба бар деп әзілдегеннен кейін рейстен шығарылды. Оқиға туралы елорданың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Не болды?

Ведомство мәліметінше, ұшу алдындағы рәсімдер кезінде жолаушы жарылғыш құрылғы бар деп әзілдеген. Әуежай қызметкерлері оның сөзіне қауіпсіздік ережелеріне сәйкес әрекет етті. Содан кейін тексеру жүргізіліп, ер адам рейстен түсірілді.

Оқиғаға қатысты материалдар әрі қарай тексеру үшін тиісті органдарға берілді. Оқиға орнында авиациялық қауіпсіздік және көлік полициясының қызметкерлері де жұмыс істеді.

Бомба туралы әзіл неге әкеп соғуы мүмкін?

Терроризмге қарсы орталық әуежайда бомба бар екендігі туралы кез келген мәлімдеме, тіпті адам оны әзіл деп айтса да, ықтимал қауіп ретінде қабылданатынын айтты. Мұндай сөздер міндетті түрде тексеруді талап етеді және құқықтық салдарға әкеп соғуы мүмкін.

Айта кетейік, Қазақстанда ұшақтағы бомба туралы көрінеу жалған хабарлама бергені үшін 21,6 миллион теңгеге дейін айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Көлік министрлігі бұған дейін жолаушы мұны әзілдеп айтса да, оны рейстен шығарып, жауапқа тартуы мүмкін екенін ескерткен болатын.