Михаил Синицын / ТАСС
ERNUR.KZ. Niyso және "Кавказ.Реалии" дерегінше, Адам Қадыров Грозный қаласында жол апатына ұшырап, ауыр халде ауруханада жатыр, деп жазады Ulysmedia.kz.
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы Адам Қадыров Грозныйда жол апатына түскен. Бұл туралы шешен оппозициялық Niyso телеграм-арнасы мен "Кавказ.Реалии" басылымы дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады. Олардың мәліметінше, зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілген және ес-түссіз күйде, жағдайы ауыр. Ол Грозныйдағы республикалық ауруханада жатыр деп жазылған.
Niyso мәліметінше, Қадыровқа реанимациялық көмек көрсетіліп, оны Мәскеуге тасымалдауға дайындап жатыр. Алайда Шешенстан билігі тарапы бұл ақпаратты қатысты ресми растаған жоқ.
Дереккөздерге сәйкес, кортеж жоғары жылдамдықпен қозғалған, бірнеше көлік соқтығысқан. Сондай-ақ бірнеше адамның жарақат алғаны хабарланады. Апаттан кейін Грозный қаласында кей көшелер жабылғаны да айтылды.
Адам Қадыров – Шешенстан басшысының ең танымал балаларының бірі. 2023 жылдың қыркүйегінде Рамзан Қадыров әлеуметтік желіде Адамның тергеу изоляторында Никита Журавельді ұрып жатқан видеосын жариялаған еді. Осы оқиғадан кейін, БАҚ мәліметінше, оған түрлі марапаттар беріліп, Шешенстанда қызметтер тағайындалған.


