Путиннің сөзінше, мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға арнайы оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған.
ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин Беларусьте тактикалық ядролық қаруды сақтайтын қойма құрылысы 1 шілдеге дейін аяқталатынын айтты, деп жазады baq.kz.
Путиннің сөзінше, мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға арнайы оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған. Мәскеу Беларусь Ресейдің ядролық қаруын өз аумағында орналастыруды бұрыннан сұраған.
3 сәуірден бастап экипаждарды оқытуды бастаймыз. Ал 1 шілдеде аймақта тактикалық ядролық қаруды сақтайтын арнайы қойманың құрылысын аяқтаймыз, - деді Путин "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында.