Өндірістік апат салдарынан қаза болғандардың жалпы саны алты тау-кен құтқарушысын қоса алғанда, 52 адамды құрады,
ERNUR.KZ. Ресейдегі «Листвяжная» шахтасындағы жарылыстан аман қалғандар жоқ, деп жазады ҚазАқпарат.
"Алдын ала мәліметке сәйкес, шахтада ешкім аман қалған жоқ. 52 адам, соның ішінде алты тау-кен құтқарушысы қаза болды», - делінген ТАСС ақпарат агенттігінің хабарламасында.
Қаза болғандардың көбінің денесі шахтада жатыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ресйде шахтадағы жарылыстан қаза болған 11 адамның денесі анықталғаны туралы хабарланған болатынбыз.