​Ресей уранын Қазақстанда сақтайтын болды

0
1 038


​Ресей уранын Қазақстанда сақтайтын болды

ERNUR.KZ. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі мен Ресей Қазақстандағы АҚХА-ның төмен байытылған уран банкі жұмысына қажетті төмен байытылған уран мен құрылғыларды тасымалдау туралы келісімге қол қойды, деп жазады ca-news.org.

Басылымның мәліметінше, келісімшартқа «Технабэксперт» АҚ бас директорының орынбасары Олег Козин мен АҚХА төмен байытылған уран банкін құру жобасының басшысы Марк Бассет қол қойған. Қол қою рәсімі 17-21 қыркүйек аралығында өтіп жатқан Вена қаласында АҚХА бас конференциясы алаңында өткен.

Аталмыш банк Қазақстанның солтүстік-шығысында, Өскемен қаласындағы Үлбі металлургия зауыты аймағында орналасқан. Банктің ғимараты осы жылдың тамыз айында ашылған.

Айта кетейік, төмен байытылған уран – атом қуатын өндіретін электростанцияларына қажетті отын өндіретін материал. Бұл қор тек қана әлемдік уран нарығындағы дағдарысты жағдайда ғана пайдаланылатын болады.

АҚХА төмен байытылған уранын сақтау бойынша электрмен қамтамасыз ету, жылыту, қызметтік ғимараттар, қызметкерлер ұсыну шығындарын Қазақстан өтейтін болады. Сонымен қатар, банктің Қазақстан аумағында қажеттілікпен тасымалдануы шығынын да өтейді.