​Ресейде 1-8 сынып оқушыларына тәртібі үшін баға қойылады

0
123

Бұл туралы Ресейдің Ағарту министрі Сергей Кравцов мәлімдеді.


​Ресейде 1-8 сынып оқушыларына тәртібі үшін баға қойылады

Фото: ТАСС

ERNUR.KZ. Жаңа оқу жылында бірнеше ресейлік мектепте 1-8 сынып оқушыларына апробация аясында мінез-құлық бағалары қойылады, деп жазады inform.kz.

Бұл туралы Ресейдің Ағарту министрі Сергей Кравцов мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2026-2027 оқу жылында Ресейдің әр аймағындағы 10 мектепте оқушылардың мінез-құлқы бағаланады.
- 2027-2028 оқу жылынан бастап бұл модельді Ресейдің барлық жалпы білім беру мекемелерінде енгізу жоспарланған. Формат бойынша соңғы шешім апробация қорытындылары бойынша қабылданады, - деп мәлімдеді Кравцов.
Ол емтихан тапсыратын жоғары сынып оқушылары осы критерий бойынша бағаланбайтынын қосты.
Апробация аясында білім беру мекемелеріндегі ішкі тәртіп, сабақтағы тәртіп және мінез-құлық нормаларын сақтау бойынша баға қою мүмкіндігі қарастырылған.