Ресейде 17 наурызда президент сайлау өтеді

0
457

Бұл шешім сайлауалды кампаниялар жұмысының басталуына негіз береді.


Ресейде 17 наурызда президент сайлау өтеді

ERNUR.KZ. Ресейдің Федерация кеңесі президент сайлауын 2024 жылдың 17 наурызында өткізу туралы шешім қабылдады, деп жазады sputnik.kz.

"Бұл шешім сайлауалды кампаниялар жұмысының басталуына негіз береді", - деді палата спикері Валентина Матвиенко.

Ол осы сайлаудың маңыздылығына да тоқталды.

"Алдағы сайлау тарихи маңызға ие, ол ел дамуының негізгі бағытын айқындайды", - деді ол.