Ресейде қатерлі ісікке қарсы вакцина клиникалық сынақтан өткізіле бастады

0
133

Клиникалық сынаққа дейін препарат зертханалық жануарларға салынды.


Ресейде қатерлі ісікке қарсы вакцина клиникалық сынақтан өткізіле бастады
Фото: pixabay

ERNUR.KZ. Ресейде қатерлі ісікке қарсы вакцинаны мамандар клиникалық сынақтан өткізе бастады, деп жазады zakon.kz.
Алғашқы нәтижесі күзде шығады дейді дәрігерлер. Сынаққа қатерлі ісігі бар 48 ерікті қатысып жатыр, олардың денсаулығы төрт ай бойы бақыланады.

Клиникалық сынаққа дейін препарат зертханалық жануарларға салынды.

Екпе патогенді емес онколитикалық вирустар негізінде жасалған.

Болашақта "ЭнтероМикс" деп аталатын вакцина науқастарға квота бойынша қолжетімді болады.

Сонымен қатар, Ресейде қатерлі ісікке қарсы тағы бір жаңа вакцина әзірленіп жатыр.

"Вакцинаға қатысты сұрақтар бар. Оны клиникалық сынақтан кейін бірден науқастарға қолдану қаншалықты дұрыс деп жатыр. Бұл екпе бірнеше жылдан бері зерттеліп келеді, сондықтан қауіпсіз деп ойлаймын."Александр Арутюнов, дәрігер