Ресейде мысықтан коронавирус анықталды

0
632

Мысық иесі жануарды Мәскеудегі ветеринарлық клиникалардың біріне апарған.


Ресейде мысықтан коронавирус анықталды

ERNUR.KZ. Мәскеулік ветеринарлық клиникада тексеріс жүріп, бес жасар мысық COVID-19-ға талдауға жіберілген. Тест оң нәтиже көрсеткен. Жануарды иесінің мекенжайы бойынша карантинге жіберген, деп жазады Тengrinews.kz.

Зерттеушілер бес жасар мысықтан коронавирус инфекциясын анықтаған. Бұл туралы Россельхознадзор басшысының орынбасары Николай Власов журналистергем хабарлаған.

Власовтың сөзінше, мысық иесі жануарды Мәскеудегі ветеринарлық клиникалардың біріне апарған. Жануарды қарап шыққаннан кейін маман мысықты Россельхознадзордың бөлімшесіне жіберген. Ол жерде жануар COVID-19-ға тест тапсырған, сараптама оң нәтиже көрсеткен.

Россельхознадзор коронавирус адамнан адамға тарайтынын және ДДҰ, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының мәліметі бойынша, әзірше мысықтан не иттен вирус жұқтыру дәлелденбегенін айтады.