Кенде температура көтеріліп, газдың датчиктері істен шығып кеткен.
ERNUR.KZ. Кемерово облысы Ленинск-Кузнецкий қаласындағы А.Д.Рубан атындағы шахтада көмір ысып, апатты жағдай болды, деп жазады centralasian.org.
Кеншілер құтқарылды. Бұл туралы ТАСС агенттігі "СУЭК-Кузбасс" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Ақпаратқа қарағанда, 128 кеншінің бәрі жер үстіне шығарылды.
ТАСС мәліметінше, кенде температура көтеріліп, газдың датчиктері істен шығып кеткен.
25 қарашада Кузбасстағы Листвяжная шахтасында метан жарылып, 51 адам қайтыс болған. Олардың арасында 46 шахташы және бес құтқарушы болған.
Соңғы 20 жылда Ресейде адам өмірін алған 23 шахта апаты тіркелген. Олардың 14-і Кемеров облысында болған.