Соңғы мәлімет бойынша, 12 адам жарақат алған.
ERNUR.KZ. Ресейдің Серпухов қаласында православиелік гимназияда жарылыс болды, деп жазады 24.kz.
Соңғы мәлімет бойынша, 12 адам жарақат алған. Жарылысты осы оқу орнының 18 жастағы түлегі ұйымдастырған. Ол гимназия аумағына қолдан жасалған жарылғыш зат алып келіпті.
Дәрігерлер жас жігіттің жағдайын аса ауыр деп бағалап отыр. Оны бұл әрекетке не итермелегені әзірге белгісіз. Кейбір мәлімет бойынша, қаскөй тәрбиеленушілер және ұстаздармен жанжалдасып қалған болуы мүмкін.