Ресейде газ өңдеу зауытының құрылыс алаңында Қазақстан мен Тәжікстан жұмысшыларының арасында жаппай төбелес шықты
ERNUR.KZ. Ресейде газ өңдеу зауытының құрылыс алаңында Қазақстан мен Тәжікстан жұмысшыларының арасында жаппай төбелес шықты, деп жазады sputniknews.kz.
Оқиға 22 қарашада болған. Ресей билігі республика азаматтарының төбелеске қатысқаны туралы Қазақстанды құлағдар етті.
Қазақстанның ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаевтың айтуынша, екі елдің азаматтарының арасында болған жанжалдың себебін жергілікті құқық қорғау органдары анықтап жатыр.
Қазіргі уақытта төбелесте екі адамның зардап шекені, олардың біреуінің ауруханаға түскені белгілі.
Жанжал шығарғандар анықталды, тергеу нәтижесі бойынша оларға қатысты шара қолданылады. Кейбіреуі Ресей аумағынан шығарылуы мүмкін.