Ресейдің Астрахан қаласында "Домбыра күні" өткізіледі

0
1 933

Қанат Мағатұлының айтуынша, ұлттық дәстүрді сақтау, қайта жаңғырту мақсатында көптеген шаралар өткізіледі.


Ресейдің Астрахан қаласында

Биыл күй атасы Құрманғазының 195 жылдығына орай Ресейде астрахандықтар «Домбыра күнін» атап өтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Астрахан жеріндегі Құрманғазы Сығырбайұлының мұражайына барған Қазақстан Республикасының Астрахан Консулы Қанат Шекқалиев пен ҚР Тұңғыш Президенті-елбасы Қорынан келген азаматтар мәлім етті.

Қанат Мағатұлының айтуынша, ұлттық дәстүрді сақтау, қайта жаңғырту мақсатында көптеген шаралар өткізіледі.

Сондай-ақ, осы күндері Астрахан жұртшылығы "Астана - Ұлы даланың маржаны" тақырыбындағы сурет көрмесін тамашалай алады. Көрмеде елорданың ғажайып түрлі ғимараттарының 60-тан астам суреті көпшілікке ұсынылады. Суреттер ішінде ерекше әлемдік деңгейдегі мәдени нысандар ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы - Ақорда көрсетілген. Ол әлемнің ең әдемі президенттік сарайлардың 10-на кірген.

Сонымен қатар, ғаламшардағы эпостық ғимараттардың 90-на енген, елорданың басты бренді - "Бәйтерек" және Астанадағы ЭКСПО - орталықтағының бірегей ғимараттардың бірі - сфера пішіндес диаметрі 80 метрді құрайтын «Нұр-Әлем» павильонының суреттерін тамашалауға болады. Сондай-ақ белгiлi британдық сәулетші Норман Фостер жобалаған елорданың ерекше ғимараттары -Бейбітшілік және келісім сарайы - Пирамида, Назарбаев орталығы, шатыр формасындағы әлемдегі ең үлкен ғимарат ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген "Хан Шатыр" сауда-сауықтыру кешені де бар.