Жарылыс Ресейдің Хабаровск өлкесі Амур ауданы Тейсин кентінде әскери бөлімде болды.
ERNUR.KZ. Бір адам қаза тауып, зардап шеккендер бар. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі өңірдің жедел қызметінен мәлім еткен, деп жазады ҚазАқпарат.
«Оқ-дәрілерді түсіру кезінде дәрінің жарылуы салдарынан жеті адам зардап шекті, олар жеңіл жарақат алған. Тағы бір адам қаза тапты», - деді агенттік дереккөзі.
Оның мәліметінше, жарылыстан кейін өрт шығып, оны сөндірген.
Өңірдің денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері зардап шеккен екі адамды күйік шалғанын мәлім етті.
«Олар санавиациямен ауруханаға жеткізілді, олардың денесінің 65% және 40%-ын күйік шалды», - деді денсаулық сақтау министрлігінен.
Тағы екі адамды жеңіл дәрежеде күйік шалған. Оларды медициналық мекемеге жеткізбеген, оқиға орнында көмек көрсеткен.
Тейсин кенті Амурдағы Комсомольсктен оңтүстік-шығысқа қарай 82 шақырым қашықтықта орналасқан. Кентте осы атаумен аталатын теміржол станциясы және әскери бөлім бар.