Қаза болғандар арасында екі бала бар.
ERNUR.KZ. Ресейдің Ульяновск облысы Вешкайме ауылындағы балабақшаға белгісіз ер адам кіріп, оқ атқан. Салдарынан 5 және 6 жастағы бүлдіршіндер мен тәрбиеші мерт болды, деп жазады Stan.kz.
Ер адам өз-өзін атып тастаған. Оның мәйіті балалар болған бөлмеден табылған. Әзірге мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз.
Күдікті балабақшаға балалар ұйықтап жатқан кезде кіріп, Иж-27 қаруынан оқ атқан. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.