Александр Лисиннің дүниеден озғанын «Астана» футбол клубы растады.
Фото: «Астана» ФК
ERNUR.KZ. Танымал жаттықтырушы, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Александр Лисин 55 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп жазады inform.kz.
Лисин ұзақ жыл бойы «Астана» футбол клубының жүйесінде еңбек етіп, жас футболшыларды тәрбиелеуге және балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға зор үлес қосты.
«Астана» футбол клубы Александр Лисиннің кәсіби шеберлігі, футболға деген адалдығы және жас ойыншыларды баулыған өлшеусіз еңбегі ел жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.


