«Іле-Балқашта» жолбарыс жүргені туралы тараған ақпарат жалған болып шықты

0
742

​Мамандардың мәліметінше, жарияланған сурет жасанды интеллект арқылы жасалған болуы мүмкін.


«Іле-Балқашта» жолбарыс жүргені туралы тараған ақпарат жалған болып шықты

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында табиғатқа жіберілген жолбарыстың жүргені туралы ақпаратпен бірге оның фотосуреті тараған еді. Алайда бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді. Мамандардың мәліметінше, жарияланған сурет жасанды интеллект арқылы жасалған болуы мүмкін, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Сондай-ақ жақында ғана табиғатқа жіберілген жолбарыс аналығы спутниктік GPS-ошақпен жабдықталған. Оның орналасқан жері мен жағдайын «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары тәулік бойы үздіксіз бақылап отыр.

«Сондықтан жануардың кездейсоқ түсірілген суреті деп берілген ақпарат шындыққа жанаспайды. Азаматтар мен БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз. Көрінеу жалған ақпаратты, сондай-ақ шындыққа сәйкес келмейтін фото және бейнематериалдарды тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін», – делінген хабарламада.