Ресейлік дәрігер COVID-19-ды ең қауіпті тасымалдаушыны атады

0
686

Маска мен қолғап COVID-19-дың таралу қаупін бәсеңдетеді, дейді дәрігер.


Ресейлік дәрігер COVID-19-ды ең қауіпті тасымалдаушыны атады

ERNUR.KZ. Биоқауіпсіздік жөніндегі сарапшы, медицина ғылымдарының докторы Николай Дурманов коронавирусты ең қауіпті тасымалдағыштарды атайды, деп жазады Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, адамның коронавирусты қаншалықты жұқтырғаны ағзадағы аурудың белгілерінің болуы немесе жоқтығына байланысты емес. Басты қауіп - адамның қоршаған ортаға бөлетін вирусының мөлшері. Яғни адам ағзасында вирус қаншалықты тез көбейсе, ол соншалықты ең көп тасымалдаушы болып шығады және ең қауіптісі де - осы адамдар.

Дәрігер адамның вирусты қатты тарататынын тек тест арқылы анықтауға болатынын атап өтті. Алайда барлық адамды тексеру мүмкін емес. Сондықтан адамдармен қарым-қатынас жасағанда қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Себебі маска мен қолғап COVID-19-дың таралу қаупін бәсеңдетеді.