Ресей 23 мемлекеттің дипломатын елден шығармақ

0
1 503

Мәскеудің шешіміне сәйкес, Албания, Германия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Канада, Латвия, Литва, Македония, Молдова, Нидерланд, Норвегия, Польша, Румыния, Украина, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швеция жәнеЭстония дипломатиялық миссияларының қызметкерлері – 150 -ге жуық адам – сәуірдің 7-сіне дейін Ресей аумағынан шығып кетуі тиіс.


Ресей 23 мемлекеттің дипломатын елден шығармақ

фото: azattyq.org

Ресей сыртқы істер министрлігі өз дипломаттарын шығарып жіберген 23 мемлекетке "айна-қатесіз жауап берілетіні" туралы мәлімдеді. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлайды.

Мәскеудің шешіміне сәйкес, Албания, Германия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Канада, Латвия, Литва, Македония, Молдова, Нидерланд, Норвегия, Польша, Румыния, Украина, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швеция жәнеЭстония дипломатиялық миссияларының қызметкерлері – 150 -ге жуық адам – сәуірдің 7-сіне дейін Ресей аумағынан шығып кетуі тиіс.

Бұған қоса Ресей сыртқы істер министрлігі осыған дейін Ұлыбританиямен ынтымақтастық белгісі ретінде орыс дипломаттарын елден кетірген Бельгия, Венгрия, Грузия мен Черногорияға қатысты да "жауап шара" қабылдауы мүмкін екенін мәлімдеген.

Бұған дейін Ресей билігі америкалық 60 дипломатты елден шығарып, Санкт-Петербург қаласындағы АҚШ бас консулдығын жабу туралы шешімін жариялаған. Кремль Лондоннан Ресейдегі британ дипломатиялық миссияларында жұмыс істейтін адамдарының санын Ұлыбританиядағы ресейлік дипломат қызметкерлер санымен теңестіруді талап еткен.