Сақал мен шаш өсірген полицейлер жұмыстан қуылады

0
1 228

Мысыр соты сақал қоятын полицейлерді қызметтен шеттетуді қолдады


Сақал мен шаш өсірген полицейлер жұмыстан қуылады

ERNUR.KZ. Каирде сақал қоятын полиция офицерлері сот шешімімен жұмыстан қуылады, деп жазады Sputnik.

Мысыр заңына сәйкес, тәртіп сақшылары сақал мен шаш өсіріп, өзінің діни сенімін жұртқа жария қылмауы тиіс.

2012 жылы Мысырда билік исламшылдардың қолына өткеннен кейін сақал қоятын полицейлер сот арқылы діни сенімінен бас тартпауға мүмкіндік алған еді.

Дегенмен енді Ішкі істер министрлігі басшылығын сақал қойғаны үшін жұмыстан қуылған полиция офицерлерін қызметіне қайтарып, бұрынғы шендерін қалпына келтіруге міндеттеген әкімшілік соттың шешімі күшін жойды.