Санкт-Петербург әуежайында екі ұшақ соқтығысты

0
813

​"Уральские авиалиний" әуекомпаниясына тиесілі ұшақ ұшу жолағына шығып, көкке көтерілуге дайын тұрған.


Санкт-Петербург әуежайында екі ұшақ соқтығысты

ERNUR.KZ. Ресей әуе компанияларына тиесілі екі ұшақ Санкт-Петербургтегі Пулково әуежайында соқтығысып қалды, деп жазады sputniknews.kz.

"Бүгін сағат 12.40-та Пулково әуежайында бұру кезінде S7 Airlines ұшағының қанаты "Уральские авиалиний" әуекомпаниясына тиесілі ұшақтың артқы бөлігін қағып кеткен", – деп мәлімдеді "Уральские авиалиний" әуекомпаниясының баспасөз қызметі.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Ал U6-391 рейсінің 84 жолаушысы терминалға жеткізіліп, олар қосымша бортпен жіберілетін болды.